Skip to content

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАШЫҚТЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫҢ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕП, ТАЛҚЫЛАУҒА ШЫҒАРДЫ

      ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ашық нормативтік құқықтық актілер мен қоғамдық ұйымдардың порталында талқылау үшін қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп, шығарды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжаттың осы жобасына сәйкес («Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына өзгерістер) пациенттер бейінді дәрігерден алғашқы консультацияны офлайн форматта алады, ал қайталама консультацияларды қашықтықтан ала алады.

Бүгінгі таңда 13 медициналық қызмет , мысалы, интеграциясы бар және интеграциясыз телепатология жабдығының көмегімен сканерленген гистологиялық препараттарға дәрігерінің консультациясы, психолог, реабилитолог логопед, дәрігерлердің қашықтықтан консилиумы және басқа қызметтер қашықтан көрсетіледі.

Бұйрық жобасымен аталған тізбе 67 консультацияға және 48 медициналық қызметке дейін ұлғайтылды. Бұл диагностикалық зерттеулерді айқындауға, невропатолог, кардиолог, психиатр, эндокринолог, психиатр, гинеколог секілді арнайы мамандардың консультацияларына, ЭКГ, МРТ, маммография, рентгенография, қан қысымын күнделікті бақылау, электроэнцефалограмма, полисомнографияға және басқаларға қатысты.

Қашықтықтан қызмет көрсету пациенттерге қайталама қабылдау кезінде дәрігерге бармай-ақ консультация алуға, емдеуді уақтылы бастауға, диагнозды нақтылауға, емдеу бойынша ұсыныстар алуға, дәрілік препаратты тағайындауға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан технологиялар бүкіл әлемде кеңінен қолданылады, халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ мамандарға кезекті айтарлықтай азайтады.                                     

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтың жобасына ұсыныстарды қарауға және талқылауға дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *