Skip to content

ДЕПУТАТТАР ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ӘЗІРЛЕУГЕ КІРІСТІ

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Мәжіліске сілтеп. 

Депутаттар Президент Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режимдерін оңтайландыруы, салық жеңілдіктерін қайта қарау және басқа да бастамаларды жүзеге асыруға тиіс.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы аталған заңды сапалы деңгейде дайындау, сондай-ақ Парламент пен Үкіметте жаңа нормаларды ашық талқылау үшін Салық кодексін қабылдауды 2025 жылға ауыстыруды тапсырған болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *