Skip to content
Главная страница » ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ҰШУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ КЕҢЕЙТІЛМЕК

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН ҰШУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ КЕҢЕЙТІЛМЕК

     Туризм және спорт министрлігі лагерьге немесе басқа аймақтарға экскурсияға баратын балаларға арналған “Kids go free” бағдарламасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Вице-министр Ержан Еркінбаевтың айтуынша, ел ішінде балаларға арналған тегін ұшу бағдарламасы 18 жасқа дейін ата-анасының, өкілдерінің немесе қамқоршыларының сүйемелдеуімен жүргізіледі. Бұл идея отбасылық туризмді дамыту мақсатында құрылған.

“Қазір сынып жетекшісімен немесе кеңесшісімен бірге басқа аймаққа экскурсияға баруды жөн көретін балалардың сұранысы мен саны артып келеді. “Kids go free” бағдарламасы – балаларға арналған рейсті – ата-ана немесе сынып жетекшісінің сүйемелдеуімен балалар топтарына таратылады”, – деді министр Ержан Еркінбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған