Баға өткен аймен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Сарапшылардың пікірінше, бұл маусымдық құбылыс. Қымбатшылық әсіресе Орал, Астана, Алматы, Ақтау, Қонаев және Көкшетау қалаларында байқалады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Соңғы бір айда бұл қалаларда баға 5-7%-ға көтерілген. Қазір елордадан 1 бөлмелі пәтерді 110 мыңнан 160 мың теңге аралығында жалға алуға болады, ал Алматыдағы баға 160 мың теңгеден басталады.