Skip to content

ЕЛІМІЗДЕ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ӨСЕ МЕ — ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ЖАУАП БЕРДІ

     Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елімізде жанармай бағасының өсуіне негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Ресейдегі баға өспесе, жанармайдың қымбаттауына басқа негіз жоқ. Резервтегі дизель отыны бір айға, ал АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин 25 күнге жетеді. Отын өндірісін ескере отырып, елде тапшылық болмайды дейді ол.

Бірақ Ресейдегі мұнай өнімдерінің шығындарды өтеу көлемінің төмендеуіне байланысты тәуекелдер бар.

«Импорттық отынның қымбаттау тәуекелдері бар, бұл ішкі нарықтағы бағаларға пропорционалды түрде әсер етеді. Қалыптасқан резервтерге сүйене отырып, Қазақстанда өндірілген өнімдерге назар аударамыз», – деді Сәтқалиев.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Ресейде бензин бағасы айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Ресейде бағаның төмендеуі байқалады, тоннасына шамамен 25 мың рубль», – деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *