Skip to content

ЕЛІМІЗДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ 68%-Ы ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Халықтың және бюджеттік ұйымдардың көмірге деген қазіргі қажеттілігі туралы баяндалды – ол шамамен 8,6 млн тонна. Мамыр айының басынан бері 1 млн тоннадай жеткізілген, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп.

Жалпы, бүгінгі таңда білім беру нысандарының дайындығы 88%-ды құрайды. Кестеден артта қалу көрсеткіші ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркелді, деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев. 

Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 87%-ды құрайды. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34 169 үйде аяқталды – бұл жоспардың 68%-ы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *