Skip to content

ЕЛІМІЗДІҢ 20 МИЛЛИОНЫНШЫ АЗАМАТТАРЫ КІМ ЕКЕНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

          Бұл туралы Ұлттық  статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

2023 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

Еліміздің 20 миллионыншы азаматтары 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да дүниеге келген 5 бала болды.

Олар Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз бала.

1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 млн. адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3%-ға өсті.

Бүгін Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтағанын айта кетейік. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *