Skip to content

ЕЛІМІЗДІҢ ҚАЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ САҚТАЛАДЫ?

    Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 10 өңірде су тасқыны қаупі сақталатынын айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

Бүгінгі таңда елімізді 27 пайызын қар басқан. Ең үлкен су тасқыны Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының және Қостанай облысының оңтүстік бөліктерідегі өзендерде болып жатыр. Бірақ су тасқыны қаупі әлі күнге дейін сақталады. Шығыс Қазақстан (Ертіс, Бұқтарама, Үлбі, Оба), Абай (Ертіс, Шар, Аягөз, Көкпекті), Қарағанды (Нұра, Шерубайнұр, соқыр, Кеңгір, тоқырау), Ұлытау (Шерубайнұра, Соқыр, Кеңгір, Тоқырау), Ақмола (Есіл, Қалқутан, Жабай, Селеті), Солтүстік Қазақстан облыстары (Есіл, Қалқутан, Жабай, Сергеевское суқоймасы) және Қостанай облысының солтүстік жартысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті белгілерден асуы байқалады, — деді Ерлан Нысанбаев.

Министрдің сөзінше, 1-10 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деген болжам бар.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын, ал елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп болады. Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында республиканың басым бөлігінде түнгі уақытта жаңбыр түріндегі жауын-шашын қарға ауысып, күндіз жаңбыр жауады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр болады. Қатты жауын-шашын республиканың шығысында (Абай облысы, Шығыс Қазақстан облысы) 3 және 10 сәуірде, орталықта және оңтүстік-шығыста (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы) 8-9 сәуірде, Түркістан, Алматы облыстарында және Жетісу облысында 9 сәуірде болады. Жауын-шашынның тоқтауы елдің батысында бірінші онкүндіктің басында, республиканың көп бөлігінде онкүндіктің ортасында болады, — деді ведомство басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *