Skip to content

ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ 950 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА ЖҰМЫС ТАУЫП БЕРМЕК

  Еңбек министрлігі жыл аяғына дейін 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырмақшы. Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың басында өңірлік жұмыспен қамту карталары бекітілді. Сол карта бойынша 950 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның ішінде 231,3 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына, 341,8 мың адам Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы аясында, 320,4 мың адам жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналастыру көзделіп отыр», — деді вице-министр.

 

  Оның айтуына қарағанда, қазірдің өзінде аталған бағыттар бойынша 117 мыңнан астам азамат жұмысқа тұрған.

   Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде министрлік өкілдері елдегі жұмыссыздардың нақты санын айтты. Ресми статистика деректері бойынша, елімізде 456 мың жұмыссыз тұлға, 2,1 млн өзін-өзі жұмыспен қамтушы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *