Skip to content

ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНДА КҮЙІК ШАЛҒАН  ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ БІРІ  ҚАЙТЫС БОЛДЫ

 Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен 31 жастағы қызметкер алған жарақаттардың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды Қарағанды денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

«Дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан, Қарағанды ферроқорытпа зауытында зардап шеккен қызметкерлердің бірін өлім аузынан арашалап қалу мүмкін болмады. 1993 жылы туған ер адамның денесін 85% терең күйік шалған. Осы уақытқа дейін бұл науқас өте ауыр жағдайда болып, бүгін қайтыс болды», — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Қалған бес зардап шеккен адамның жағдайы әлі де ауыр. Екі науқас реанимация бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінде кенеттен жалын шықты. Салдарынан кәсіпорынның сегіз қызметкері күйіп қалды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *