Skip to content

ГАЗ БАҒАСЫ — 75ТЕҢГЕ

Елімізде сұйытылған газдың бағасы қымбаттады. Газ құю бекеттерінде кезек көбейген. Мұның себебі неде? Мақтаарал ауданында көгілдір отынның бағасы қаншаға өсті? Жергілікті жауапты басшылары не дейді. Толығырақ  Sanur.kz тілшісі  Клара Шербайқызы тарқатады.

 Сұйытылған газға деген тапшылық сезіле бастады. Қазіргі кезде аудандағы автогаз бекеттерінде күндіз-түні кезекке тұрған көліктер көбейді.  Бір аптаға созылған  тапшылықтың соңы қымбатшылыққа соқтырды. Бүгінде газ бағасы Мақтаарал ауданында 75 теңге. Ауданда  14 кәсіпкерге тиесілі 26 газ құю бекеті бар. Осылай деген  аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығының бөлімінің басшысы Баязит Базарбайұлы газ жетіспеушілігін жою үшін тиісті шаралар атқаралып жатқандығын жеткізді.  Халық өз наразылықтарын жиі білдіріп жүргендігін де жасырмады.

 

 БАЯЗИТ БАЗАРБАЙҰЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бір аптаның көлемінде газ өте тапшы болып кетті. Қазіргі таңда  ауыл шаруашылық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан күнделікті мониторинг жұмыстарын жұргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда қорда 19 тонна газ бар. Біз өзіміздің құзіреттілігіміз шегінде облыстық тиісті басқармаға аудан әкімдігі атынан хат жолдадық. Осы бір-екі күннің ішінде қор артығымен келіп шешіледі деген жаңалық бар.

 

Айта кетейік, ҚР Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес Қазақстан өңірлерінде 1 шілдеден бастап ішкі нарықта сұйытылған газдың жаңа шекті бағасы белгіленді.

Ведомоство баға көтерілуінің бірнеше себебін атады: 

— сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмен;

— ТМД аумағында тұтыну күрт өскен;

— ТМД-да зауыттар өндіріске деген қызығушылығын жоғалтып жатыр;

— Қазақстанда ТМД-дағы ең төмен бағалардың бірі тіркелген. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *