Skip to content

ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДАҒЫ АРУЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

        Ішкі істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Sanur.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы Ержан Саденов нәзік жанды әріптестерін көктем мейрамымен құттықтады.

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ізгілік пен сұлулықтың белгісі. Нәзік жандыларға деген шексіз құрметтің көрінісі. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілеймін! – деді министр.

Айтулы күні азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар ару, сондай-ақ тәртіп сақшыларының жас буынын тәрбиелеуге сүбелі үлес қосып жүрген ардагерлер марапатқа ие болды.

Салтанатты шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *