Елімізді дүр сілікіндірген қаңтар оқиғасы — мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында бас прокурор Берік Асылов қасіретті қаңтар көтерілісіне осындай баға берді. Ол төңкеріс жасау әрекеті мұқият жоспарланғанын, дайындық жыл бойы жүргізілгенін айтты.
Қаңтар оқиғасы бойынша Мәжіліс отырысы үш жарым сағатқа созылды. Онда еліміздің бас прокуроры Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов баяндама жасады. Жаңа қазақстан депутаттық тобының сауалдарына жауап берді. Бас прокурордың мәлімдеуінше, көтеріліс барысында 8 қалада 71 мемлекеттік ғимарат өртенген. Ал көтерілісті ұйымдастырушылар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары мен орынбасарлары. Жалпы 18 ұйымдастырушы анықталған. Әсіресе Арман Жұмагелдиевтің орны айрықша деді. Оқиғаға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет деп баға беріп, қаза болғандар туралы мәлімет келтірді.
Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры
Енді қаза болған адамдарға тоқталсақ, шабуыл кезінде төтенше жағдай мен антитерористік операция барысында 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталғандар, қаза болғандар туралы мәлімет дұрыс. Жүргізілген тергеу аясында мұқият тексеруде, соның ішінде 67 адам қылмыскер болып табылды, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан. 142 адам антитерорис операция режимін бұзушылар. 4 адам басқа қылмыстар жасау кезінде өлген. Жалпы Алматы қаласында 151 адам қаза болған, олардың көбісі призидентке шабуыл кезінде өлді.
Сондай ақ бас прокурор өз баяндамасы барысында шабуылдаушыларға оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталғанын мәлімдеді.
Мәжіліс отырысында қаңтар оқиғасының шығу себебі де жан — жақты талқыланды. Депутат Ерлан Саиров Қазақстан отыз жылда мемлекеті — бай — халқы кедей елге айналғанын ашына жеткізіп, оқиғаның басты себебін атады.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қаңтар оқиғасының басты себебі неде, қасіретті қаңтар оқиғаларының өткен саяси толқынында, я мемлекет құрдық, астананы салдық, еліміздің шекарасын шегендедік бұл рас, дегенмен отыз жылдың ішінде әділеттілік принциптерін аяққа басу, өткен ұрпақтың маңдай терімен жасалған ұлттық байлықты әділетсіз бөлу фактілері де болды. Олигархтарға әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады. Әлемдік банкінің есебі бойынша қазақстан халқының 15 пайызы кедей санатында. Отыз жылдың ішінде мемлекеті бай, халқы кедей қоғамға айналдық. Ескі жүйенің әлеуметтік фактілері, халықты саясаттан шектету тенденциясы мемлекетті, қоғамды, жұртты қасіретті қаңтарға итермеледі, жақындатты.
Жиынды қорытқан Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ұйымдастырушылардың көздегені — қантөгіспен болсын, қандай да жолмен болсын билікті басып алу екенін атап өтті.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс Төрағасы
Қаңтар оқиғасының нақты жоспарланған ауыр қылмыс екенін дәлелдейтін фактілер жеткілікті бүгін айтылды. Қаңтарды ұйымдастырушылардың көздегені қан төгіспен болсын қандайда жолмен болсын, билікті басу алу еді. Бұл ашығын айтқанда тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын, бірақ халқымыздың ақыл парасатымен бірлігінің арқасында, призентіміздің ерік жігерінің арқасында біз мемлекеттігімізді сақтап қалдық. Ең бастысы елдің туы жығылған жоқ.
Сонымен, бірнеше күнге созылып жүздеген жанның өмірін жалмаған, мыңдаған адамды мүгедек еткен Қаңтар оқиғасы халқымыздың басына төнген сынақ пен сабақ. Бұл мәселе әрдайым депутаттардың басты назарында , тұрақты бақылауында болатыныдығымен түйінделді.