«Қазақ аруы-2024» байқауының бас жүлдесін қызылордалық бойжеткен жеңіп алды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Байқаудың финалына 21 ару қатысып, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы «Қазақ аруы» атанды. Оған 30,04% дауыс берілген. Бұл жолы жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Бұрынғы «Қазақ аруын» қазылар алқасы анықтайтын.
Байқаудың екінші және үшінші орны Алматы қаласының арулары Ақерке Серікжан мен Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.