Skip to content
Главная страница » “KAZAKH TOURISM” ҚЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ 2022 ЖЫЛЫ НЕГІЗГЕ БАСҚАРУШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 70 МИЛИОННАН АСА СЫЙАҚЫ БЕРГЕН

“KAZAKH TOURISM” ҚЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ 2022 ЖЫЛЫ НЕГІЗГЕ БАСҚАРУШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 70 МИЛИОННАН АСА СЫЙАҚЫ БЕРГЕН

    “Kazakh Tourism” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы 2022 жылғы қаржы есебіне сәйкес негізгі басқарушы қызметкерлеріне 70 миллионнан аса сыйақы тағайындаған. Сыйақы мөлшері 2021 жылмен салыстырғанда үштен бірге, яғни 33%-ға өскен. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Аталған дерек “Kazakh Tourism” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының 2022 жылғы қаржы есебінде көрсетілген. 

Негізгі басқарушы қызметкерлердің сыйақысына жалақы мен төменде бекітілген сыйақылар кіреді. Сыйақы көлемі 2021 жылы 54 миллион 941 мың теңге, 2022 жылы 70 миллион 845 мың теңгені құрады.  Негізгі басқарушы қызметкерлер 31 желтоқсан 2021 жыл мен 31 желтоқсан 2022 жылғы дерек бойынша 4 адамнан тұрады”, – делінген  “Kazakh Tourism” Ұлттық компаниясының есебінде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған