Skip to content

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛІ САБАҒЫ ҚАЙТА ОРАЛУЫ ҮШІН БАР КҮШІМІЗДІ САЛАМЫЗ — МАКРОН

     Франция президенті Эммануэль Макрон Қазақстан мектептерінде француз тілін қайта оқытуды сұрады. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Макрон қазақстандық мектептерде француз тілін оқытудың маңыздылығын мәлімдеді.

«Әрине, мәдени байланыстардың көбірек болғанын қалаймын. Біз қарым-қатынасымыздың одан әрі дамығанын қалаймыз. Француз тілін қазақ мектептерінде қайта оқыту үшін бар күшімізді салуға дайынбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған үкіметаралық келісімге үлкен үміт артамын», – деді Франция президенті.

Макрон Франко-Қазақстан университеті 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейтінін айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға ресми сапармен келген еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *