Skip to content

ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯСЫ ТІКЕЛЕЙ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН АШУҒА КЕЛІСТІ

        Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы – Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты, деп хабарлайды Sanur.kz  ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті шешімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қазақстан-Саудия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Сауд Арабиясына сапары шеңберінде қол жеткізілді.

Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының «FlyNas» әуекомпаниясы 2024 жылдың көктем-жаз маусымынан бастап аптасына 7 рейс жиілігімен орындайтын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *