Биыл Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» асфальтбетон зауыттарына ауқымды инспекция жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп.
382 кәсіпорынды тексеру нәтижесінде оның 109-ы әзірленген талаптарға толық сәйкес деп танылды. Қалған 273 асфальтбетон зауытына ұсыныстар берілді. Бүгінгі таңда 127 өндіріс оларды толық көлемде орындап, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізді.