Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДА АВТОКОМПОНЕНТТЕР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ОН ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикада автокомпоненттер өндірісін жолға қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, қазір автомобиль компоненттерін өндіру бойынша 10 жоба қолға алынған, олардың кейбіреулері іске қосылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі  Үкіметке сілтеп.

 

«Нәтижесінде бұл импорттық жеткізілімдерге тәуелділіктің ішінара төмендеуі, өндірістік үдерістердің тұрақтылығы, шығарылатын өнім құнының төмендеуі, жұмыс орындарын ашу», — деп атап өтті Анар Мақашева.

 

 Аталған мәліметтерге сәйкес, Қостанай және Алматы қалаларындағы өндірістік алаңдарда көлік құралдары мен автокомпоненттер өндірушілері арасында өнеркәсіптік кооперация жолға қойылған.

 

«Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру арқылы кластерлік әдісті қолдану ұсынылады. Яғни, егер Қазақстанда осындай компоненттің өндірісі құрылған болса, онда барлық автоөндірушілер осы жеткізушіден сатып алады. Бұл артық, қайталау өндіріске жол бермейді әрі осы саладағы көптеген жобаны дамытуға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Анар Мақашева.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *