Жол саласында кадрларды сапалы даярлау үшін биыл Қазақстанда «Көлік құрылысы» мамандығының жеке бағыты ашылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп.
«ҚазжорҒЗИ» АҚ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жұмысының нәтижесінде жыл сайын 1000-ға дейін грант бөлу туралы келісімге қол жеткізілді, оның ішінде 10-ы докторантураға.
Институт өз күшімен жыл сайын 250-ден астам автожол саласының мамандарын даярлайды. Сонымен қатар, автожол саласы мамандарының біліктілігін міндетті түрде 5 жылда кемінде 1 рет арттыруды енгізу нормасы қолдау тапты және Парламент Мәжілісінде қаралуда.
Сонымен қатар салалық біліктілік базасы – JOLSHY құрылды, онда әрбір маманға рейтинг беріле отырып, автожол саласына тартылған барлық мамандардың, инженерлер мен студенттердің тізілімі қолжетімді болады.