Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ АСҚЫНУЛАРДЫҢ ДАМУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ

      Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.Өткен жылы халықтың сырқаттанушылығының профилактикасы мақсатында тұмауға қарсы қауіп тобындағы 2 млн. 400 мың адам егілді, бұл ДДҰ ұсынған кемінде 10% кезінде ел халқының 12%-ын құрайды деді, деп хабарлайды Sanur.kz.

Қараша айынан бастап тұмау вирусының айналымы анықталды, эпидемиялық маусым басталғаннан бері зертханалық расталған тұмаудың 935 жағдайы, оның 85% – А тұмауы (H3N2) және 15% – В тұмауы тіркелді.

Алдыңғы маусымдағыдай тұмаусыз вирустардың айналымы анықталды, олардың 41%-ы риновирусқа, 21%-ы РС вирусына және 14%-ы аденовирусқа тиесілі.
Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері стационарларда 31 мыңнан астам науқас емделді, 2 млн.астам пациент амбулаториялық емделді. Еліміз бойынша барлығы 10 мыңға жуық инфекциялық аурулар төсегі, олардың ішінде балаларға арналған 3 мыңға жуық төсек ашылды.

Қазіргі уақытта жіті респираторлық инфекциялармен сырқаттанушылықтың кезекті эпидемиялық маусымы жалғасуда, ол жыл сайын қазан айынан басталып, мамыр айына дейін созылады. Эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ және тұмау ауруларының екі толқыны: аурудың бірінші көтерілуі қазан – қараша, екіншісі – ақпан-наурыз айларында тіркеледі.

Ағымдағы эпидемиологиялық маусымда ҚР-да ЖРВИ-дің 2,4 млн.жағдайы тіркелді, бұл өткен эпидемиологиялық маусымның сырқаттанушылық деңгейін құрайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *