Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне тиісті толықтырулар енгізілді. Мерекелер тізіміне тағы бір мереке қосылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
23 сәуір – Ұлттық кітап күні.
Бұл жаңа мерекелік дата ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді.