Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДА ВЕЙПКЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

                                                                                                        Бүгіннен бастап елімізде вейпке  заң бойынша тыйым салынды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.Енді вейп өнімдерін сатуға да, жарнамалауға да болмайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вейпке тыйым салатын заңға қол қойды. Халықтың денсаулығына қатысты заңда темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған.

Бұл шектеу хиттер немесе темекі қыздыру жүйесіне (IQOS, GLO, PLOOM, iFuse) қатысты емес. Тыйымның негізгі себебі болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің шамамен 10%-ы тұрақты түрде вейп тартады. Жасөспірімдер арасында электронды темекі қолданудың өсуі жаһандық проблема болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *