Астанада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған Ұлттық баспасөз конференциясы өтеді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
9 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні қарсаңында Қазақстандағы ауру тақырыбына арналған Ұлттық баспасөз конференциясы өтеді. Ұйымдастырушылар – “Ново Нордиск Қазақстан” ЖШС компаниясының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Жыл сайын 14 қарашада Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні – инсулиннің негізгі ашушыларының бірі, Нобель сыйлығының лауреаты Фредерик Бантинг дүниеге келген күні атап өтіледі. Халықаралық диабет федерациясының (IDF) деректері бойынша әлемде шамамен 537 миллион адам қант диабетімен ауырады. ҚР-да бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам пациент бар, олар жылына 18 мыңнан 30 мыңға дейін жаңа ауруға шалдығады. Қазақстан мен әлем бойынша эпидемиологиялық деректер сырқаттанушылық ауыртпалығының тұрақты өскенін және пациенттер санының артқанын айғақтайды.
Конференцияның мақсаты Қазақстан Республикасы халқының қант диабеті туралы хабардарлығын арттыру болып табылады.
Спикерлер:
Әбдуахасова Гүлмира Қасенқызы, АМУ КеАҚ аллергология, гематология және эндокринология курсымен балалар аурулары кафедрасының ассистенті, ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар эндокринологы;
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Зәкиев Руслан Әбутәліпұлы, диабеттік Ата-аналар комитетінің президенті;
Зафар Рана Азфар, “Ново Нордиск Қазақстан” ЖШС Бас директоры.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
* Қазақстан Республикасында қант диабетімен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері
* Қазақстандағы қант диабетінің эпидемиологиясы: негізгі үрдістер
* Пациенттің көзімен қант диабетіне көзқарас
* ДСМ мен бизнестің қант диабеті саласындағы бірлескен әлеуметтік бастамалары
Күні: 2023 жылғы 9 қараша
Уақыты: 10: 45-12: 00
Өтетін орны: Астана қ., Қазмедиа-орталық, конференц-зал, 21-қабат