Skip to content
Главная страница » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫҢ САНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫҢ САНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

       Елімізде 452 мыңнан астам адам жұмыссыз. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Статистиканы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі мамандары ұсынды. 

“Бізде қай саланы алмасаңызда елімізде кез келген салада білікті мамандардың жетіспеушілігі көрініп тұр. Жетіспеушіліктің орнын жабу үшін біз жаңағы айтып кеткен тұжырымдамамызда осы екінші бөліміне бет бұрдық. Еліміздің маман дайындау бағытындағы ілгерлетілген жұмыстардың қажеттілігі одан басқа осы мамандарды дайындау барысында біліктілігін арттырып отырудың өзі қазіргі елдің қажеттілігі деп айтуға болады”, – деді халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, Қазақстан үшін демографиялық жағдайды ескере отырып, жыл сайын 100 мың жаңа жұмыс орнын ашу қажет.

“Бүгінгі таңда Қазақстанда жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие. Мысалы, өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің басым бөлігі 50 жастан асқандар. Цифрландыруды ескере отырып, жаңа мамандықтармен келетін жастарды дайындау керек. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген түлектердің тек 62 пайызы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан”, – дейді Жақыпова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған