Қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ат үстіндегі жаттығулар финалында қазақстандық 15.100 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
Алтын медальді Қытайлық Тайпейден келген Ли Чи Кай (15,500) иеленсе, екінші орынды жапониялық Риота Цумура (15,166) иемденді.