Skip to content
Главная страница » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ БИБІСАРА АСАУБАЕВА МЕН ЖАНСАЯ ӘБДУМӘЛІК ҮЛКЕН ЖАНЖАЛҒА НҮКТЕ ҚОЙДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАХМАТШЫ БИБІСАРА АСАУБАЕВА МЕН ЖАНСАЯ ӘБДУМӘЛІК ҮЛКЕН ЖАНЖАЛҒА НҮКТЕ ҚОЙДЫ

  Шахматшы қыздар ұзақ уақытқа созылған дау-дамайдан кейін татуласты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қазақстандық шахматшылар Қытайдағы Азия ойындарында сынға түсіп жатыр.  Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева әріптесі Жансаяның кәсіпқойлығын сынға алып, спорттық мансабын аяқтауға кеңес берген болатын. 

   Сайыс барысында Бибісара әлеуметтік желідегі парақашасына Жансаямен бірге отырған видеоны жүктеді. Ал Жансая камераға күле қарап, оқырманға қол бұлғады. Аталмыш видеоны Жансая Әбдумәлік те әлеуметтік желіде жариялады.

  Айта кетейік, Бибісара Асаубаева болған жағдайдан кейін қызбалыққа салынып кеткені үшін кешірім сұраған еді. 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған