Skip to content

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЕКІНШІ РЕТ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

           Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогы кезеңінде Виктор Друзин мен Анна Павлетцова жұбы Ұлттық құрамаға тағы бір жүлде алып берді.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті істері мәлімдеді.

Спортшылар  еркін бағдарламада 181.5833 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.  Друзин мен Павлетцова жұбы осыған дейін Бейжіңдегі ӘК кезеңінде күміс жүлдеге ие болған. 

Аралас жұптық сындағы еліміздің тағы бір дуэті (Артур Майданов, Валерия Столбунова) 4-сатыдан көрінді. Ұпай саны — 153.1355.

  Әлем кубогында   Испандық спортшылар оқ бойы озық шығып алтынды қанжығасына байласа,   (200.3854 балл), Италиядық көркем жүзушілер күмісті  (192.9375) еншіледі. 

     Айта кетейік, Қазақстан командасы Канададағы Әлем Кубогының 3-кезеңінде жалпы есепте 1-орын алды. Спортшыларымыз барлығы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Турнирде 16 елдің 88 спортшысы сынға түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *