Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Босния және Герцеговинаның Баня-Лука қаласында өтіп жатқан АТР 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sanur.kz.
Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
А.Голубев пен Д.Молчанов финалға шығу үшін ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винус немесе эквадорлықтар Гонсало Эскобар – Диего Идальго жұптарының қай жеңгенімен таласады.
Баня-Лука додасында тағы бір қазақстандық Александр Недовесов португалиялық Франциско Кабралмен бірге бастапқы кездесуінде хорватиялықтар Иван және Матей Шабановтарды 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
А.Недовесов пен Ф.Кабрал ширек финалда франциялықтар Садио Думбия – Фабиен Ребульмен кортқа шығады.
Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді.