Өйткені айттың бірінші күні 17-сі емес, 16 маусым – жексенбіге түсіп тұр. ҚМДБ хабарлауынша, айдың көрінуіне байланысты, қасиетті мейрам бір күн ерте басталатын болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
«2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал Құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – делінген хабарламада.
Заң бойынша, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.