Өткен бір жылда Қазақстанға 17 293 адам көшіп келсе, 24 239 адам өзге елдерге көшіп кеткен, деп хабарлайды Sanur.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өткен жылы Қазақстанға 17 293 адам көшіп келсе, 24 239 адам көшіп кеткен.
Көші-қон сальдосы – 6 946 адам. 2021 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 57,5% артқан, кеткендер саны 24,7% азайды.
«Елдегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады», — деп нақтылады ведомстводан.
Ал ел ішінде көшіп-қонушылар саны 6,1% артқан.
«Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (35 302 адам), Астана (33 798 адам), Шымкент (2 756 адам) қалаларында және Алматы обласында (898 адам) халық көші-қонының оң сальдосы қалыптасты», — делінген статистика мәліметінде.