Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Алматы облысындағы халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін қызметкерлер 2 жыл бойы ақша жымқырып келген, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Қазақстанға сілтеп.
Олар паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баждың бір бөлігін өз қалталарына басып отырған. Ал көші-қон қызметіне жалған ақпарат енгізілген түбіртек көрсеткен. Қазір істің мән-жайы анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.