Skip to content
Главная страница » ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ЖҮЗУДЕН РЕКОРДТЫ ЖАҢАРТТЫ

ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ЖҮЗУДЕН РЕКОРДТЫ ЖАҢАРТТЫ

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің 4 курс студенті Нұрдәулет Жұмағали 200 метрге кешенді жүзуде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол сондай-ақ IV Азия Паралимпиадасында өткен жарыстарда 100 метрге брасспен жүзуден бірінші келіп, алтын медалді қанжығасына байлады.

Спортшылар арасындағы жарыстар Ханчжоу қаласында өтті. Нұрдәулет жапондық және өзбекстандық қарсыластарынан басым түсіп, 200 метр қашықтықты 2:16.74 уақытта еңсерді.

ҚазҰУ студенті Азия параойындарында жаңа рекорд орнатты.

Паралимпиадада жалпы есепте Нұрдәулет Жұмағали команданың қоржынына екі алтын медаль жеңіп алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған