Skip to content

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДА

       Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан нысандардың жұмыс барысын бақылады. Сонымен қатар іссапар барысында аудан активімен кездесіп, жергілікті тұрғындарды мәселелері бойынша жеке қабылдады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Алдымен, мердігерлермен кездескен аппарат басшысы жауаптыларға орын алған кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
 
– Әлеуметтік нысандардың құрылыс сапасы тікелей облыс әкімінің бақылауында. Қолға алған жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауды талап етеміз. Жұмыс барысында кедергілер орын алса, әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі, – деді Еркеғали Әлімқұлов.
 
Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінде 300 орындық А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің құрылысы 2021 жылы басталған. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге толық қаржы қаралды. Мердігер мекеме – «Өмірзақ» ЖШС. Нысанды биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарлануда.
 
Қазығұрт ауданында елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қазығұрт елді мекеніндегі «Шығыс» мөлтек ауданының 250 гектар аумағына инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы биыл сәуір айында басталды. Мердігер мекеме – «КазЕвроСтрой» ЖШС. Қазіргі таңда 13000м су жүйесінің жер жұмыстары аяқталып, су құбырлары орнатылды. Екі дана су қоймасының іргетасы құйылды. Сонымен қатар 11003м газ құбыры тартылды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау көзделуде.
 
Аппарат басшысы Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесіп, салалар бойынша өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады. Сала басшыларының ұсыныстарын тыңдап, қызметкерлермен бірге шешу жолдарын саралады.
 
Бұдан бөлек, Еркеғали Әлімқұлов жергілікті тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар коммуналдық мәселелер, мектеп және спорт кешенін салу, жол жөндеу және денсаулық саласына қатысты мәселелерді қозғады. Аппарат басшысы жауаптыларға халық өтінішін назарға ала отырып жұмыс атқаруды міндеттеді. Көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, заң аясында орындалу барысы бақылауда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *