Skip to content

КЕЛЕСТЕ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

      Түркістан облысының Келес ауданындағы Қошқарата ауылында Мәдениет үйі ашылды. Тұрғындар көптен күткен мәдениет ошағы «Ұлттық қордың» трансферттері есебінен салынған. 150 орындық клуб және кітапхана құрылысы өткен жылы бастау алып, 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында ел игіліне табысталды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
– Алдымен баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын. Егемен ел болып, еңсемізді тіктеп, тұрғындардың әл-аухатын арттыру бағытында тындырымды тірліктер жүзеге асуда. Сол қатарда ауылдық жерлерді мекен ететін тұрғындардың мәдениетін көтеру, спортқа баулу бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Осы нысанда көптеген ауыл жастары тәрбиленіп, мәдениет саласының дамуына өз үлестерін қосатынына сенемін, – деді Жәнібек Есенұлы.
 
Мәдени нысанның ашылу салтанаты барысы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары және жергілікті оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалды.
Мәдениет үйі енді өз тұрғындарына жан-жақты қызмет етеді. Жоспар бойынша бұл ғимаратта кітапхана, үйірмелер, үлкен көрермен залы қарастырылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *