Skip to content

КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАРЛЫҚ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

       Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр. Жылу орталығын 2023-2024 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында демеушілер есебінен 4 қазандыққа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Гидравликалық сығымдау, тексеру жұмыстарынан өткізіліп, жылыту маусымына толық дайындығы қамтамасыз етілді. Жұмыс барысы тікелей Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында. Жөндеуден өткен 4 қазандықтың жалпы қуаттылығы Кентау қаласын толық тұрақты жылумен қамтамасыз етуге жеткілікті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Қазіргі таңда қаладағы жылу жүйесі қалыпты жағдайға келді. Жылу жүйесінде орын алуы мүмкін қауіпті апаттар тоқтатылып, жылу режимі тұрақталды. Орталықта 4 қазандық іске қосылып, қалыпты режимде жұмыс атқаруда. Тікелей судың бару температурасы +64,5 градусты көрсетсе, қайтуы +45,8 градусты көрсетіп тұр. Сыртқы ауа температурасы +4℃ болып тұр. Орталықта көмір, мазут отынының қоры жеткілікті.
 
Айта кетейік, «Кентау сервис» МКК-сі № 5 ЖЭО кәсіпорны 1934 жылы құрылған. Қондырғылар 1952 жылы орнатылған. Жылу құбырларының ұзындығы 169 шақырымды құрайды. Кентау қаласында №5 ЖЭО-ғы 14 000 астам абонентті жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 350-ге жуық көпқабатты үй, 100-ден аса бюджеттік мекеме, 401 коммерциялық нысан және 2 мыңнан аса жеке сектордағы үй бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *