Skip to content
Главная страница » КЕНТАУЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

КЕНТАУЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

        Кентау қаласының тұрғындары Азия чемпиондары Бахтияр Анарбай мен Айым Танкибаеваны күтіп алды. Қала әкімі Жандос Тасов қаланың мәртебесін асқақтатқан чемпиондарды құттықтап, құрмет көрсетті. Алдағы әлемдік додалардан топ жарып, елдің мәртебесін көтеретіндеріне сенім білдіріп, тілектестігін жеткізді, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Бахтияр Анарбай – Астана қаласында өткен Азия чемпионатында жастар санатында 60 келіде жұдырықтасып, Азия чемпионы атанса, Айым Танкибаева 46 келі салмақта Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
 
Екі чемпионда өздерінің мықтылықтары пен шапшаңдықтарымен көзге түскен, бірнеше жарыстарда топ жарып жүрген спортшылар. Чемпиондар алдағы кезеңдерде өтетін әлемдік жарыстарға үлкен дайындықпен баратындықтарын атап, Көк Туды көкке көтеретіндеріне уәде етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған