Skip to content

КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ

       Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Sanur.kz.

Үкімет қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді. «Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты. Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды:

1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға;

2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға;

3 орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.

Еске салайық, Үкімет қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда. Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *