ҚР Ішкі істер министрлігі референдумда дауыс беру кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі референдум өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдады.
«Референдумның 10 мың учаскесінің ешқайсысында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Қазіргі уақытта дауыстарды санау жалғасуда, референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты», — деді ҚР ІІМ ресми өкілі.
Дауыс беру күні заңсыз сауалнама мен үгіт-насихат фактілеріне қатысты жалпы 2 заң бұзушылық анықталған. Оларға әкімшілік айыппұл салынды.