Skip to content

КОРОНАВИРУС ҚАЙТА ӨРШІП БАРАДЫ: ДСҰ ЕСКЕРТІ ЖАСАДЫ

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты бетперде киюге шақырды, деп хабарлайды Sanur.kz.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.

COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар, – деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

Жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз, – деді ДДҰ басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *