Skip to content
Главная страница » ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ “FRENCH HEALTHCARE INNOVATION” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ “FRENCH HEALTHCARE INNOVATION” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

    Денсаулық сақтау саласындағы инновациялар мен бизнестің француз форумы әлемнің әртүрлі өңірлерінен француздық ұйымдар үшін жаңа әріптестер табу, инвестициялар тарту бойынша бизнес-жобаларды талқылау, денсаулық сақтау саласындағы сәтті француздық тәжірибені зерделеу және т. б. мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ротация қағидаттарын, тақырыптардың өзектілігін және алған тәжірибені практикаға жедел енгізуге бағдарлануды басшылыққа ала отырып, осындай іс-шараларға қатысу үшін делегацияларды тұрақты түрде қалыптастырады.

    Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінен қазақстандық делегацияның өкілі, Ұлттық балаларды оңалту орталығының Басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жәмила Баттақова ISRP психомоторлық терапия және оңалту жоғары институтының бас директоры Марк Субиранмен кездесу өткізді.

   Кездесу барысында француздық д енсаулық сақтау жүйесінің өкілдерімен іскерлік байланыстар орнатылды, меморандум жасасу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, оның ішінде кадрларды оқыту және тәжірибе алмасу талқыланды.

   Сонымен қатар, Францияның “Praticima” Денсаулық сақтау қауымдастығымен және оның экспорт жөніндегі директоры Флорент Макарезбен эрготерапевттерді мамандандырылған даярлауға және қабылдау жүйелерін ынталандыру үшін  сенсорлық жабдықты – иіс сезу, тактилдік, есту, көру, дәм сезу және вестибулярлық сатып алу мүмкіндігіне қатысты келісімдерге қол жеткізілді.

  Сондай-ақ, халықаралық үйлестіруші Адриен Моленмен және “Fondation Hopale” клиникасының стратегия жөніндегі орынбасары Шезана Мяловичпен ынтымақтастық жоспарлануда.

  Fondation Hopale – Франциядағы ең ірі оңалту орталығы және осы салада ұлттық деңгейде танылған көшбасшы, сонымен қатар әлемдегі ең заманауи емдеу-диагностикалық мекемелердің бірі болып табылатынын айта кету керек. Клиника ортопедиялық және неврологиялық ауруларды емдеуге маманданған және жарақаттар мен операциялардан кейін оңалту қызметтерін ұсынады. Fondation Hopale соңғы 15 жылдың ішінде Франциядағы ең жақсы бес клиниканың қатарында болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған