Skip to content
Главная страница » ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Б.ТҰЯҚОВТЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Б.ТҰЯҚОВТЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

 Жұмыс сапары аясында  Б. Тұяқов Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы әрі оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Түркістан қаласында Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесті. Әдеп жөніндегі уәкіл Түркістан облысының Сауран, Отырар, Ордабасы, Сайрам аудандарында және Кентау қаласында болып, Мемлекеттік кірістер және қазынашылық басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне дәріс оқып, жеке сұрақтар бойынша қабылдады.

   Сондай-ақ, Түркістан облысына сапар барысында Әдеп жөніндегі уәкіл  Б.Тұяқов «Turkistan» телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасының тікелей эфир шығарылымына қатысып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауы тақырыбында сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, Шымкент қаласында Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбекші, Қаратау, Әл-Фараби және Абай аудандарында мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқып, жеке қабылдау өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған