Skip to content
Главная страница » КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

        ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ делегациясы Екатеринбург қаласында (Ресей) VI Халықаралық VitaRehabWeek -2023 ғылыми-практикалық конгресінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Sanur.kz. 

Конгресс медициналық оңалту, курорттық емдеу және спорттық медицина үшін заманауи технологиялары талқылауға арналған.

Бір алаңда ең инновациялық және жоғары технологиялық медициналық жабдықтар – экзоскелеттер, биологиялық кері байланыс тренажерлері, VR-оңалту құралдары, роботты механотерапия аппараттары және пациенттердің денсаулығын одан да тиімдірек қалпына келтіруге көмектесетін басқа да медициналық жабдықтар ұсынылды.

Конгрестің шеңберінде ересектерді медициналық оңалту, спорттық медицина мен спорттағы инновациялар, курорттық медицинаның заманауи мәселелері және т.б. сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, VitaRehabWeek-2023 шеңберінде клиенттік сервис қызметін арттыруға, жаңа, сұранысқа ие жоғары тиімді рәсімдер мен бағдарламаларды енгізуге, санаторийдің бизнес-процестерін жетілдіруге арналған «САНКУР-эволюция»  бизнес-форумы өтті.

Институт сарапшылары форум сессияларына қатысып, басқа елдердің әріптестерімен тәжірибе алмасып, санаторийлік-курорттық бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Конгресс жұмысының соңында заманауи медициналық жабдықтар мен технологиялардың мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды.

Өз тарихында тұңғыш рет осы көрмеде ҚР ДСМ қазақстандық курортология және медициналық оңалту бренді де таныстырылды

«Біздің стратегиямыздың басым бағыттарының бірі-институттың құрылымдық бөлімшелерінің кадрлық әлеуетін күшейту. Мұндай іс-шаралар көптеген қызықты білім, жаңа серіктестік байланыстар береді, ал алынған ақпаратты біз Қазақстанда медициналық оңалту мен санаторийлік- курорттық емдеуді одан әрі дамыту үшін ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-де жүйелендіреміз және қолданамыз», – деп атап өтті институт директоры Саягүл Қайыргелдина.

Отандық санаторийлік – курорттық сала қалпына келтіру және оңалту емінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады, осыған сүйене отырып, ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтау бойынша өз қызметін жалғастыруда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған