Skip to content

ҚЫРҒЫЗСТАНДА ТАҒЫ ДА СЕЛ ЖҮРДІ

Кеше  кешкі 18:30 шамасында Қырғызстанның Жалалабад облысы Арыстанбап ауылында жаңбырдан кейін су тасқыны болды. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Көрші елдегі  алапат сел 23 көлікті алып кеткен. Жергілікті төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, Жалал-Абад облысына қарасты Арыстан бап ауылында толассыз жаңбыр жауып, арты селге ұласқан. Салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен. Құтқарушылар апат зардабын жоюға кіріскен.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *