Skip to content

ҚЫТАЙ ҒАРЫШҚА ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ

       Қытай өзінің “Тьянгун” станциясына 3 ғарышкері бар “Шэньчжоу-17” зымыранын жіберді, деп хабарлайды Sanur.kz  Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Ол елдің солтүстігіндегі Цзюцзюань айлағынан ұшырылған. Ұшу уақыты 6 жарым сағатқа созылмақ.

Экипаж орбитада жарты жыл болып, келер жылдың сәуірінде жерге оралуға тиіс. Осы уақыт аралығында олар ғарыштағы қоқыс зақымдаған күн батареяларын қалпына келтірумен айналысады.

Ал осыған дейін ғарыш станциясына жіберілген “Шэньчжоу-16” ғарыш кемесі 31 қазанда жерге қонады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *