Skip to content

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 2 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

    Мақтаарал ауданына қарасты Жаңажол және Иіржар ауылдық округтерінің әкімінің сайлауы өтті, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
   Таңғы сағат 07:00-де есіктерін айқара ашқан сайлау учаскелері саяси науқанды еліміздің әнұранын шырқаумен бастады. Жалпы Жаңажол ауылдық округіне қарасты 8 елдімекенде 6 сайлау учаскесі, Иіжар ауылдық округіне қарасты 9 елдімекенде 6 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Жаңажолда 4926, Иіржарда 6117 сайлаушы тіркелген.
 
   Учаскелердің барлығы да тактильдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған.
 
   Ардагер қариялардан бастап алғаш рет дауыс беруге келген жастар, ақ жаулықты әжелер, ауыл келіндері, қарапайым ауыл шаруашылығы қызметкерлері, фермерлер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *