Skip to content

МАҚТААРАЛДА 5 АУЫЛДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    Мақтаарал ауданының 5 ауылында ауыз су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. БАҚ пен әлеуметтік желі белсенділерінің ауданға жасаған пресс-туры барысында ауыз су жүйелері құрылысының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
   Тілшілер қосыны Мақтаарал ауылдық округі Азаттық ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы нысанына барды. Жоба құны 359 миллион теңгені құрайды. Мердігер мекеме “СтройЖолСервис KZ” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ал, “AveNiu” ЖШС-і техникалық жағынан қадағалап отыр. 1545 тұрғыны бар Азаттық ауылында 9,7 шақырым су құбыры толық жаңартылатын болады.
 
   Пресс-тур барысында Азаттық ауылының тұрғындары журналистерге арнайы сұхбат беріп, бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан ауыз су жүйелерін жаңартып беріп жатқаны үшін ел Президентіне, облыс және аудан басшылығына алғыстарын білдірді.
 
  Жалпы аудандағы 69 ауылдың 67-і, яғни 97,1%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған (халық санына шаққанда – 99,9%), 2 елді мекен (Достық, Найман-Бұхарбай) қамтылмаған.
Ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 13 ауылда қайта құру жұмыстарын жүргізу және жоғарыда аталған ауыз су жүйесі жоқ 2 ауылға ауыз су құбырын салу қажет етеді.
 
   Осы мақсатта аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен 2023 жылға облыстық бюджеттен 850 миллион теңгеден аса қаржы бөлініп, құрылысы басталған Атакент, Береке және Иіржар ауылдарының ауыз су жүйелерінің қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Сонымен қатар, биыл республикалық бюджеттен жалпы 858 миллион теңге бөлініп, Жаңажол және Азаттық ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған 2 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.
 
   Бұдан бөлек, 2023 жылға аудандық бюджеттен 95 миллион теңге қаралып, 9 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *