Skip to content

МАҚТААРАЛДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саяси жаңғырудың жаңа кезеңін жүзеге асыру мақсатында елдегі сайлау жүйесі де жетілдірілуде. Оған дәлел – дәл бүгінгі өтіп жатқан аудан әкімдерінің сайлауы, деді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Бүгін республика бойынша 45 аудан-қалалардың қатарында Түркістан облысынан Мақтаарал, Шардара, Созақ және Бәйдібек аудандары бар.
 
Қазақстанның демократиялық ұстанымын қуаттайтын бұл пилоттық жобада Мақтаарал ауданындағы 62 сайлау учаскесінде (оның 3-і жабық сайлау учаскесіі) 70 648 сайлаушы дауыс беретін болады.
 
Сайлаушылардың 1160-ы бірінші рет дауыс беру құқығына ие болғандар. Сонымен қатар, бүгін 11 307 көпбалалы аналар мен 100 жастан асқан 4 мақтааралдық та өз таңдауларын жасайтын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *