ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу комитетінің 2024 жылғы 10 шілдедегі хатына сәйкес, «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында Сырдария көпірі (Жаңа көпір) мен Азаттық елдімекені аралығындағы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының (10 шақырым) бойында сенбілік жұмыстары өтті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Аталған сенбілік жұмыстарына жалпы 500-ге жуық мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер қатысып, 3 дана техника тартылып, 8 тоннаға жуық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Бұдан бөлек, барлық кенттер мен ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары жалғасын тауып, 800 — ге жуық ауыл тұрғындары мен ақылы қоғамдық жұмысшылар тазалық шарасына атсалысты. Кенттер мен ауылдық округтердегі каналдар мен арықтар, көше бойлары тазаланып, 13 дана техника тартылып, 18 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.