Skip to content
Главная страница » МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛАДЫ

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛАДЫ

    Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Ағылшын тілінің медиа мұғалімі» атты жаңа мамандық ашылады. Бұл «Ағылшын тілі, әдебиеті және медиа дидактика» атты жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы аясында оқытылады, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Марғұлан университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ольга Андрющенконың айтуынша, өткен жылы 6 инновациялық бағдарлама әзірленген, жыл соңына дейін тағы 12 бағдарлама әзірленетін болады.
 
«Біздің саясатымыз білім беру бағдарламаларын толық қайта қарауға, олардың ребрендингіне, жаңғыртуға және жетілдіруге бағытталған. Біз бұл жұмысты уақыт талабына сай мұғалімдік мамандықтардың жаңа атласын қалыптастыру мақсатында жүргізіп жатырмыз», – деп атап өтті Ольга Константиновна.
 
Айта кетерлігі, ағылшын тілі саласындағы медиа мұғалімдерін оқытуға ақпараттық технологиялар саласының мамандары мен журналистер тартылады.
 
Бұл білім беру бағдарламасының артықшылығы – болашақ мұғалімдер оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларын меңгереді. Сондай-ақ, кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды пайдалануды, оқу процесін онлайн форматта жүргізуді, қашықтықтан оқыту технологияларын меңгеруді, электронды медиа материалдарын, интерактивті ойындар, анимациялар жасауды, т.б. меңгереді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған